Оқу уақыты: 1 мин

Александр Гвоздик Ломаченконың рингке қайта оралуына күмәнданды

Александр Гвоздик Ломаченконың рингке қайта оралуына күмәнданды

Бұрынғы әлем чемпионы Александр Гвоздик Василий Ломаченконың мансабын жалғастыруы екіталай екенін айтты, деп хабарлайды ESNEWS.

«Мәселе Василийдің қайта жұдырықтасқысы келе ме, жоқ па, соған байланысты. Мен оның карьерасын аяқтағанын естідім. Бірақ бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Қазір Ломаченко Испаниядан МРТ нәтижелерін күтіп отыр. Нақты не себепті күтіп отырғанын білмеймін», — деді Гвоздик.

Сонымен қатар, ол Ломаченконың Рэймонд Мураталламен жекпе-жегі өтпеуі мүмкін екенін айтты. Себебі украиналық боксшының болашағы белгісіз болып тұр.