05.02.2026
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Астана қаласында Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясында 6-7 ақпан күндері өтетін Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчының жеребесі тартылды.

Алғашқы ойын күні, 6 ақпанда жарыс шымылдығын Қазақстан уақыты бойынша сағат 15.00-де әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен монаколық Уго Нис ашады. Содан кейін кортқа Александр Шевченко мен Валантен Вашро шығады.

Сенбіге үш кездесу белгіленген. Beeline Arena ұлттық теннис орталығында алдымен Александр Шевченко – Бейбіт Жұқаев және Роман Арнеодо – Уго Нис жұптары ойнайды.

Бұдан соң қос команданың көшбасшылары Александр Бублик пен Валантен Вашро шеберлік байқасады. Сосын ешқандай өзгеріс болмаса, Александр Шевченко мен Уго Нис доданы түйіндейді.

Үш ойында жеңген команда жеңімпаз атанып, алдағы жылы болатын Дэвис кубогының іріктеу турына жолдама алады.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз