02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Уимблдон-2025 турнирінен бірінші айналымда шығып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Уимблдон-2025 турнирінен бірінші айналымда шығып қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик беделді Уимблдон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады. Ол бес сетке созылған кездесуде испаниялық Хауме Муньярға 4:6, 6:3, 6:4, 6:7 (5:7), 2:6 есебімен жол берді.

Матч тартысты өтті және жалпы ұпай саны бойынша қос теннисші тең дәрежеде ойнады: Муньяр — 152, Бублик — 147 ұпай. Біздің теннисші 21 эйс орындап, шабуылда белсенді болғанымен, шешуші сәттерде қарсыласынан есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.