27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик US Open экс-чемпионынан сенімді жеңіске жетті

Александр Бублик US Open экс-чемпионынан сенімді жеңіске жетті

Александр Бублик АҚШ-тың Ашық чемпионатында сенімді бастады — қазақстандық теннисші турнирдің 2014 жылғы чемпионы Марин Чиличті 6:4, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Матч екі сағаттан аз уақытқа созылды — бұл Бубликтің соңғы үш жылдағы америкалық Үлкен дулыға турниріндегі алғашқы жеңісі.

Бір айлық үзіліске қарамастан, қазақстандық спортшы өзінің әсерлі сериясын жалғастырды — бұл оның қатарынан тоғызыншы жеңісі. Келесі айналымда Бублик Лоренцо СонегоТристан Шулкэйт жұбының жеңімпазымен кездеседі.