01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик US Open-2025 турнирінде ерекше көрсеткішке қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик  US Open-2025 турнирінде ерекше көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open-2025 турнирінде бірегей көрсеткішке қол жеткізді, ол жарыс барысында өз подачасындағы барлық 55 геймді ұтып, 12 брейк-пойнтты сәтті қорғанып, қабылдауда қарсыластарына бірде-бір гейм бермеді.

Келесі айналымда Бублик әлемнің 1-нөмірі Янник Синнермен кездеседі. Биыл екеуі екі рет жолыққан: «Ролан Гаррос» ширек финалында Синнер 6:1, 7:5, 6:0 есебімен жеңді, ал екі аптадан соң Бублик Галледегі (трава) турнирдің екінші айналымында реванш алды — 3:6, 6:3, 6:4.

Еске салайық, US Open-2025 24 тамыз – 7 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы — Янник Синнер.