27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик тоғыз күнде екінші ATP титулын жеңіп алды

Александр Бублик тоғыз күнде екінші ATP титулын жеңіп алды

ATP рейтингінде 30-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик өз жетістіктерімен таң қалдыруды жалғастыруда — теннисші қатарынан екінші турнирді жеңіп алды.

Тоғыз күн ішінде қазақстандық спортшы Швейцариядағы Гштад пен Австриядағы Кицбюэльде өткен жарыстарда чемпиондық атақтарға ие болды — жалпы жүлде қоры 181 350 еуроны құрады.

Жаз басынан бері Бублик керемет нәтижелер көрсетуде — оның қоржынында үш ATP титулы бар: Германияның Галле қаласындағы турнирдегі жеңісі және беделді Ролан Гарростың ширек финалына шығуы.