27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик тоғыз күнде 116 миллион теңге табыс тапты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик тоғыз күнде 116 миллион теңге табыс тапты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP турнирлерінде қатарынан екі рет жеңіске жетіп, тоғыз күннің ішінде 181 350 еуро (шамамен 115,9 миллион теңге) көлемінде табыс тапты.

Бублик шілде айында Швейцарияның Гштаад және Австрияның Китцбюэль қалаларында өткен ATP-250 турнирлерінің жеңімпазы атанып, өзінің мықты формасын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазіргі таңда ол әлемдік рейтингте 30-орында тұр.

Жаз маусымында бұл – Александрдың үшінші ATP титулы. Бұған дейін ол маусым айында Германияның Галле қаласындағы турнирде де топ жарған болатын. Сонымен қатар, Бублик мамырда Туриндегі «челленджер» жарысын жеңіп алып, «Ролан Гаррос» турнирінде алғаш рет ширек финалға дейін жетіп, «Үлкен дулығадағы» үздік нәтижесін тіркеді.

Бубликтің тұрақты ойын өрнегі мен табысты сериясы оны шілде айының ең үздік теннисшілерінің қатарына қосып отыр.