05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик «Ролан Гарроста» жарыс жолын аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик «Ролан Гарроста» жарыс жолын аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында жарыс жолынан шықты.

Ол әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі, италиялық Янник Синнерден 0:3 (1:6, 5:7, 0:6) есебімен ұтылып қалды.

Турнирдің бесінші айналымына дейін жеткені үшін Бублик 440 000 еуро көлемінде жүлде алды.