30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол франциялық Корентен Мутені 6-3, 7-5 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.

Келесі айналымда Александр әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.

Париждегі турнирдің жүлде қоры 6,12 миллион еуро.