13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Кубок Дэвисті жалғастыра алмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Кубок Дэвисті жалғастыра алмайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жамбас жарақатына байланысты Мировая группа I Кубогы Дэвис плей-офф кезеңін жалғастыра алмайды. Ол Квон Су Вонға қарсы матчтың басында жарақат алып, соған қарамастан екінші сетке дейін ойынды жалғастырды. Есеп 6:7, 0:3 болған сәтте жауған жаңбыр кездесуді тоқтатты.

Медициналық штаб барлық шараларды қолданғанымен, Бублик жарысты жалғастыра алмады. Осыған байланысты федерация мен бапкерлер құрамы құрамға өзгеріс енгізді: жұптық ойында Тимофей Скатов пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Кейінгі жекелей матчтарға қатысты шешім жұптық кездесуден соң белгілі болады.

Лидерінсіз қалған ұлттық құрама үшін бұл айтарлықтай қиындық тудырып отыр. Өйткені соңғы уақытта жақсы формада болған Бубликтен екі ұпай күтілген еді.