20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Гштадтағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Александр Бублик Гштадтағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы және ATP рейтингінде 34-орында тұрған Александр Бублик Швейцарияның Гштад қаласындағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілді.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 109-орын алатын аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 9 минутқа созылды.

Финалға дейінгі жолда Бублик үш қарсыласын жеңді:

  • отандасы Александр Шевченконы (101) — 6:2, 6:3
  • аргентиналық Франсиско Комесаньяны (74) — 6:4, 6:3
  • француз Артюр Казоны (116) — 6:1, 7:5

Швейцариялық турнирдің жүлде қоры 596 035 еуроны құрады.