20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Галледе жартылай финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Галледе жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орын) Германияда өтіп жатқан беделді Halle Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда чехиялық Томаш Махачты (ATP 23) екі сетте 7:6(7:2), 6:3 есебімен жеңді.

Бублик матч бойы тамаша ойын өрнегін көрсетті — сенімді подача, тор маңындағы дәл қимылдар және тұрақты қарқын оған жеңіс әкелді.

Айта кетейік, бұл Бублик үшін Галледегі екінші жартылай финал. Дәл осы турнирде ол 2023 жылы ATP 500 санатындағы алғашқы титулын жеңіп алған болатын.

Жартылай финалда Александр ресейлік Карен Хачанов пен аргентиналық Томас Мартин Этчеверри арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.