13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Галледе өнер көрсетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Галледе өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик маусымның 16-22 аралығында өтетін ATP-500 санатындағы Лондон турниріне қатысудан бас тартып, Германияның Галле қаласында өтетін жарысқа қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы Entry List Updates порталы хабарлады.

Бұған дейін Бублик Лондондағы турнирдің негізгі кезеңіне өткен болатын. Ол бұл орынға италиялық Лоренцо Музеттидің орнына тіркелген еді. Алайда кейінірек ойын жоспарын өзгертіп, Галле турниріне ауысты. Онда чилилік Алехандро Табилоның орнына қабылданды.

Айта кетейік, Александр Бублик жуырда өткен «Ролан Гаррос – 2025» турнирінде мансаптық рекорд орнатып, алғаш рет ширек финалға дейін жеткен. Ол аталмыш кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерден ұтылып қалған.