26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Бейжіңдегі турнирден жұптық сында бас тартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Бейжіңдегі турнирден жұптық сында бас тартты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик күтпеген жерден ATP 1000 санатындағы Бейжің турнирінің жұптық сынынан бас тартты.

Бұған дейін ол италиялық Лоренцо Музеттимен бірге француздар Садио Думбия – Фабьен Ребуль дуэтіне қарсы шығуы керек болған. Алайда матч бірнеше мәрте шегеріліп, кейін қазақстандық-италиялық жұптың турнирден бас тартқаны ресми хабарланды.

Бубликтің шешімінің себебі нақты айтылған жоқ. Кей деректер бойынша, ол Ханчжоудағы жеңісті аптадан кейін демалыс алуды жөн көрген.

Соған қарамастан, Бублик жеке сында жарысты жалғастырады. Ертең ол әлемдік рейтингте 60-орында тұрған француз Адриан Маннариноға қарсы 1/16 финалдық ойынын өткізеді.