26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Австриядағы теннис турнирінде жеңіске жетті

Александр Бублик Австриядағы теннис турнирінде жеңіске жетті

ATP рейтингінде 30-орында тұрған Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласындағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші — француз Артюр Казоны (ATP рейтингінде 100-орын) 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңді.

Титулға жету жолында Бублик келесі қарсыластарды жеңді:

  • аргентиналық Тьяго Агустин Тирантені (130) — 6:3, 6:4
  • отандасы Александр Шевченконы (110) — 6:4, 6:2
  • нидерландтық Ботик ван де Зандсхулпты (103) — 6:3, 6:4

Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін бұл қатарынан екінші титул — бір апта бұрын Бублик Швейцарияның Гштад қаласындағы турнирде жеңіске жеткен болатын.