26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Австриядағы ATP-250 турнирінің чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Австриядағы ATP-250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Китцбюэль қаласында өткен ATP-250 турнирінде топ жарды. Финалда ол франциялық Артюр Казоны 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде ұтып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бұл — Бубликтің бір апта ішіндегі екінші жеңісі. Бұған дейін ол Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP-250 турнирінде де чемпион атанған болатын. Осылайша, қазақстандық теннисші небәрі жеті күн ішінде қатарынан екі топ-дәреже турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Китцбюэльдегі жеңісі үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай иеленіп, алдағы дүйсенбіде ATP рейтингі бойынша әлемнің 25-ракеткасы атанбақ.