11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик: «Ақша мен үшін басты нәрсе емес»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
бублик 3

Қазақстандық теннисші Александр Бублик First & Red арнасына берген сұхбатында материалдық табыс оның өмірінде басты рөл атқармайтынын айтты.

Оның сөзінше, ірі көлемдегі жүлде қоры да ерекше эмоция тудырмайды.

– Шынымды айтсам, ақша бұрыннан менің көзімді жаулауды қойған. Мүмкін, мен көзімді ашатындай мол қаржы таппаған шығармын. Бірақ қомақты табыс менің қаржылық көзқарасымды өзгерте қойған жоқ. Ақша бұрынғыдай әсер етпейді. Иә, жақсы, бір апта сәтті өтті, ақша таптым – демек, енді біраз уақыт ештеңе істемей-ақ өмір сүре аламын, – деді Бублик.

Еске салайық, Александр Бублик жақында өзінің Grand Slam турнирлеріндегі ең үздік нәтижесіне қол жеткізді — ол «Ролан Гаррос»-2025 жарысында ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге үш сетте жол берді.