03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына өтті

Александр Бублик алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына өтті

Александр Бублик тарихи жетістікке қол жеткізді — қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» сериясы турнирінің ширек финалына өтті, әлемнің бесінші ракеткасы Джек Дрэйперді 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Матчтан кейін толқыған Бублик әсерімен бөлісті:

«Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет беріледі, мен оны жіберіп алмауым керек еді. Осында тұру – менің өміріміндегі ең керемет сәт. Нүкте. Бұл керемет, ханымдар мен мырзалар, сіздерге үлкен рахмет!»

Спортшы жеңістен соншалықты шабыттанып кетті, алдағы матчты ұмытып кете жаздады:

«Білесіздер ме, мен мұнда турнирді жеңіп алғандай тұрмын. Қазір жылап жіберуім мүмкін. Тоқта, менің алда тағы матчым бар. Мен кәсіби теннисші, дайындалу керек»