15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик алғаш рет Almaty Open турнирінде өнер көрсетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик алғаш рет Almaty Open турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы әрі елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатысатыны ресми түрде расталды. Жарыс 2025 жылдың 11–19 қазаны аралығында оңтүстік астанамыз Алматыда өтеді.

Александр Бублик — әлемдік турдың ең жарқын әрі танымал теннисшілерінің бірі. Ол осы күнге дейін жалғыздық сында бес ATP титулын жеңіп алған: Галледегі АТР 500 (2023, 2025), Монпельедегі АТР 250 (2022, 2024) және Антверпендегі АТР 250 (2024).

Бублик үшін бұл турнир ерекше болмақ — ол алғаш рет Almaty Open турнирінде өз жанкүйерлерінің алдында, отандық аренадан өнер көрсетеді.

Александр Бублик:

«Үйде ойнау — бұл үлкен жауапкершілік әрі зор мотивация. Алматыда кортқа шығатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлерге жарқын ойын көрсетіп, жақсы нәтиже сыйлағым келеді. Туған жердегі қолдау әрқашан күш береді», — деді ол.