20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орын) Галледе өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді. Кездесу 3:6, 6:3, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Алғашқы сетте фаворит саналатын Синнер басым түссе де, кейін Бублик ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі партияны сенімді түрде жеңіп, турнирдің басты жүлдесіне үміткерді жарыстан шығарып тастады. Айта кетейік, бұл – Бубликтің Синнерге қарсы алған екінші жеңісі. Бұған дейін олар 2023 жылы дәл осы Галле турнирінде кездескен, сол ойында Синнер матч кезінде кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған еді (5:7, 0:2).

Қызығы, жуырда ғана бұл қос теннисші Ролан Гаррос турнирінің ширек финалында жолығып, ол кезде Синнер 6:1, 7:5, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Галледегі бұл жеңіс Бублик үшін өз мүмкіндігін дәлелдеуге таптырмас сәт болды әрі рейтингтегі ұпайларын жақсартуға септігін тигізді.