Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Синнердің «адамға ұқсамайтын» ойыны туралы сөзін еске алды

Александр Бублик Синнердің «адамға ұқсамайтын» ойыны туралы сөзін еске алды

Tennis TV мәліметі бойынша, Александр Бублик Янник Синнердің Рим турнирінің ширек финалында Каспер Руудты 6:0, 6:1 есебімен жеңгеніне қатысты пікір білдірді.

«Мен сіздерге 2021 жылы-ақ оның адам емес екенін айтқанмын», — деп жазды қазақстандық теннисші.

Төрт жыл бұрын жеңілістен кейін Бублик Синнерге тор жанында:

«Сен адам емессің. Сен небәрі 15 жастасың, бірақ осылай ойнайсың»

Кейінірек қазақстандық өз сөзін түсіндірді — оны жас италиялықтың көптеген тәжірибелі ойыншыларда жоқ психологиялық тұрақтылығы таңқалдырған.

Теннисшілердің жеке кездесулерінде есеп 3:1 Синнердің пайдасына — Бубликтің жалғыз жеңісі италиялық жарақатына байланысты аяқтай алмаған матчта болған.