27.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Мадрид Мастерс турнирінде төртінші айналымға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Мадрид Мастерс турнирінде төртінші айналымға шықты

Грунтты аса ұнатпайтын Александр Бублик Мадридтегі Мастерс турнирінде төртінші айналымға жолдама алды.

Қазақстандық теннисші өткен жылдың чемпионы әрі әлемнің үздік ондығында тұрған Андрей Рублевті (АТР №8) 6:4, 0:6, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасады.

Бублик осы арқылы 2024 жылғы нәтижесін қайталады – ол сол жылы да Мадридте төртінші айналымға дейін жеткен болатын.

Топ-16 қатарына енгені үшін Бублик 100 рейтингтік ұпай мен 90 445 еуро көлемінде сыйақы алды. Оның келесі қарсыласы Якуб Меньшик пен Бен Шелтон арасындағы кездесуден кейін анықталады.

Бүгін кешке әйелдер арасындағы турнирде қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина өз матчтарын өткізеді.