26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик әлемдік рейтингте құлдырады

Александр Бублик әлемдік рейтингте құлдырады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп жазады Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: италиялық Янник Синнер көш бастап тұр, одан кейін испаниялық Карлос Алькарас пен неміс спортшысы Александр Зверев.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик 11 позицияға төмендеп, 62-орынға жайғасты. Александр Шевченко 97-орыннан 103-орынға жылжып, 100-діктің қатарынан шығып қалды. Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко сәйкесінше 163 және 164-орындарда қалды.