Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бүгін Александер Чеферин Астанаға келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«SALE  футбол» телеграм арнасының хабарлауынша, бүгін УЕФА президенті Александер Чеферин ресми сапармен Астанаға келеді. Сапар аясында ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, футбол саласындағы ынтымақтастықты талқылайды.

Айта кетейік, бұл сапар Қазақстан футболы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұған дейін, ақпан айында ҚФФ президенті Марат Омаров Ньонда УЕФА басшысымен кездесіп, Қазақстан футболын дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді көтерген болатын.

Ол келіссөздердің нәтижесінде УЕФА тарапынан еліміздегі футбол инфрақұрылымын жақсарту, жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі жарыстар деңгейін арттыру және инвестиция тарту бағыттарында қолдау көрсетілетіні мәлім болды.

Астанадағы сапар барысында Александер Чеферин елорданың спорт нысандарын аралап, жас футболшылармен жүздесуі де жоспарланған.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!