05.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александер-Арнольд маусым соңында «Ливерпульден» кетеді

Александер-Арнольд маусым соңында «Ливерпульден» кетеді

26 жастағы қорғаушы Трент Александер-Арнольд маусым соңында «Ливерпульден» кететінін ресми түрде растады. Қоштасу видеосында болашақ клубы аталмағанымен, сенімді дереккөздер оның «Реал Мадридке» ауысатынын растап отыр.

Қаңтарда мадридтік клуб ойыншы үшін 20 миллион фунт ұсынған, бірақ «Ливерпуль» ұсынысты қабылдамаған болатын. Алайда бірнеше аптадан кейін Трент келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеді.

Александер-Арнольд «қызылдар» сапында 352 матч өткізіп, 23 гол соқты, 86 нәтижелі пас берді. Оның еншісінде:

  • Чемпиондар лигасы жеңісі
  • Екі Англия чемпиондығы
  • Англия кубогы
  • Екі Лига кубогы

Ол «Энфилдте» соңғы матчтарын «Арсенал» мен «Кристал Пэласқа» қарсы өткізеді. Осыдан кейін клуб 20-шы чемпиондығын тойламақ.