13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Алдағы матчтың маңыздылығын жақсы түсінеміз» — «Оқжетпес» қақпашысы ҚПЛ көшбасшысымен болатын ойын алдында

«Алдағы матчтың маңыздылығын жақсы түсінеміз» — «Оқжетпес» қақпашысы ҚПЛ көшбасшысымен болатын ойын алдында

15-ші маусымда Қазақстан премьер-лигасының 12-туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда турнирдің қазіргі көшбасшысы — елордалық «Астанамен» кездеседі.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың командасы өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:2 есебімен жеңді. Ал «Астана» сырт алаңда «Елімайдан» 2:0 есебімен айласын асырды.

Қазіргі уақытта турнирлік кестеде «Астана» бірінші орында тұр (12 ойыннан кейін 27 ұпай). Одан кейін «Қайрат» (26 ұпай) пен «Ақтөбе» (25 ұпай) келеді. «Оқжетпес» бір ойыны кем болса да 20 ұпаймен 5-ші орында орналасқан (6 жеңіс, 2 тең ойын, 3 жеңіліс).

Ойын алдында «Оқжетпес» қақпашысы Данил Подымский Sport Pulse порталына алдағы кездесуге қатысты пікір айтты:

— Әрине, «Астана Аренаға» оралып, керемет атмосфераны қайта сезіну — қуантады. Біз чемпионаттың көшбасшысымен және еурокубоктарға үнемі қатысып жүрген командамен ойнаймыз, сондықтан алдағы матчтың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Біздің командамыз керемет формада — бапкерлер штабы ойынға тыңғылықты дайындық жүргізді. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы.

Ойын туралы негізгі ақпарат:

Күні: 15 маусым

Басталуы: 18:00 (трансляция— 17:55-тен басталады)

Стадион: «Астана Арена», Астана

Трансляция: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!