04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Альберт Ақбалықов «Ақтөбеге» жалға берілді

«Қайрат» футзал командасы 30 жастағы қазақстандық ойыншы Альберт Ақбалықовтың «Ақтөбеге» жалға алынғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Келісім осы маусымның соңына дейін жасалған. Ойыншы «Қайрат» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол клуб сапында төрт рет чемпиондық пен Қазақстан кубогының жүлдесін жеңіп алды, сонымен қатар төрт рет ел Суперкубогының иегері атанды.

Бұған дейін Альберт Ақбалықов «Ақтөбе»мен «Газпром-Югра» командаларында ойнаған.