07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Албанияны менсінбеуге болмайды, олар лайықты қарсылық көрсетуге қабілетті – спорттық блогер Қасымжан Мұқатаев Еуро-2026 іріктеу матчы туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Албанияны менсінбеуге болмайды, олар лайықты қарсылық көрсетуге қабілетті – спорттық блогер Қасымжан Мұқатаев Еуро-2026 іріктеу матчы туралы

7 наурызда Астанада футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі шешуші матч өтеді: Қазақстан құрамасы Албаниямен күш сынаспақ. Бұл ойынның қортындысы қос команданың турнирдегі болашағына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Төрт турдан кейін негізгі кезеңдегі 6-топтың құрамалары еншілеген ұпайлар саны: Армения – 10 ұпай, Қазақстан – 7, Албания – 3, Дания – 3. Топтың көшбасшысы Еуро-2026 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады, ал екінші орын алған құрама келесі кезеңге өту үшін қосымша матчтарға қатысады. Қазақстандықтар іріктеуде тұрақсыз нәтиже көрсетуде: Албанияны (2:0) және Данияны (7:3) жеңді, Армениямен тең түсті (4:4), бірақ жауапты ойында датчандарға (2:3) есе жіберді.

Сарапшы пікірі

Белгілі спорттық блогер Қасымжан Мұқатаев (Zidan4eg) Sport Pulse тілшісіне алдағы ойынға қатысты болжамын айтты:

«Бұл біздің құрама үшін іріктеу кезеңіндегі ең қиын матч болады деп есептеймін. Албания өз деңгейін дәлелдеп үлгерді – бұл команда кез-келген қарсыласқа лайықты қарсылық көрсете алады. Әрине, біздің жігіттер матчтың маңыздылығын жақсы түсінеді және қалай ойнау керегін біледі. Игита жарақат алды, Дугластың ойынға қатысуы белгісіз, бірақ ол алаңға шығуы мүмкін деген үміт бар. Дәл есепті айту қиын, бірақ аз ғана басымдықпен болса да, Қазақстан үш ұпайды алады деп сенемін»

Қазақстан – Албания матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша 18:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Басты сурет: kff.kz