19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі

Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі

ҚФФ мен Alatau City Bank стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Биылдан бастап банк ҚФФ-ның бас демеушісі, Қазақстан Премьер-лигасының титулдық серіктесі, сондай-ақ ұлттық құрамалардың ресми демеушісі атанды.

Бұл серіктестік – отандық футболды дамытудағы маңызды кезеңнің басталуы. ҚФФ мен Alatau City Bank арасындағы ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, спорт мәдениетін нығайтуға және жастарды салауатты өмір салтына баулуға негізделген.

Ірі қаржы институтымен жасалған бұл келісім ҚФФ басшылығының футболға жеке инвестиция тартудағы стратегиялық бағытын айқындайды.

Аталған серіктестік кәсіби турнирлерді қаржыландыру, ұлттық құрамаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу сынды негізгі бағыттарды қамтиды.

Бұл келісім ҚФФ-ның қаржылық тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, футболды ел өміріндегі маңызды бағыт ретінде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!