24.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты басталды.

Жарыс аясында 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиевтің жекелей, жұптық және аралас сайыстағы алғашқы қарсыластары анықталды.

Жекелей сын, 1/16 финал:

Алан Құрманғалиев — Энрике Риос (Пуэрто-Рико)

Аралас жұп, 1/16 финал:

Алан Құрманғалиев / Хана Года (Қазақстан / Мысыр) — Энрике Риос / Кристал Мелендес (Пуэрто-Рико)

Жұптық сын, 1/8 финал:

Алан Құрманғалиев / Беньямин Фараджи (Қазақстан / Иран) — Тиаго Абиодун / Юлиан Чирита (Португалия / Румыния)