01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалда жеңіске жетті.

Бұл кезеңде отандасымыз Оңтүстік Кореялық Ли Чонмокты айқын басымдықпен жеңді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Алан Тайбэй теннисшісі Хун Цзинь-Каймен кездеседі.