26.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті.

Олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында өнер көрсетеді.