12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Аль-Наср» Нуньес үшін «Ливерпульге» рекордтық сома ұсынды

GiveMeSport мәлімдеуінше,  Сауд Арабиясының алпауыты «Аль-Наср» қысқы трансфер терезесінде Дарвин Нуньесті өз қатарына қосуға тырысты.

Эр-Рияд қаласының клубы «Ливерпульге» екі ресми ұсыныс жасады. Екінші ұсыныстың сомасы 75-миллион еуродан асты (бонустық төлемдерді есептемегенде).

«Аль-Наср» өкілдері уругвайлық шабуылшымен терең келіссөздер жүргізді. Олар футболшының Сауд-Арабиясына ауысуға келісетініне сенімді болды.

«Мерсисайд» клубы соңында барлық ұсыныстарды қабылдамады. Басты себеп шабуылшыға лайықты ауыстырушының болмауы. Ағымдағы АПЛ маусымында Нуньес «қызылдар» сапында 18 ойында 4-гол соқты.