01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Аль-Хилаль» әлемдік клубтық чемпионатта «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

«Аль-Хилаль» әлемдік клубтық чемпионатта «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

Сауд Арабиясының «Аль-Хилаль» клубы әлемдік клубтық чемпионатта тарихи жетістікке қол жеткізді — команда турнирдің ширек финалына өтті.

1/8 финалдық кездесуде араб ұжымы қосымша уақытта УЕФА Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Манчестер Ситиді» 4:3 есебімен жеңді.

«Аль-Хилальдің» келесі қарсыласы бразилиялық «Флуминенсе» болады — оңтүстік америкалық команда «Интерді» 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Сауд және бразилия клубтарының арасындағы матч 4 шілдеде өтеді.