Оқу уақыты: 1 мин

«Ақылмен ойнап, мүмкіндіктерімізді барынша пайдалануға тырысамыз» — Аслан Дарабаев «Елімайға» қарсы ойын жайлы

«Ақылмен ойнап, мүмкіндіктерімізді барынша пайдалануға тырысамыз» — Аслан Дарабаев «Елімайға» қарсы ойын жайлы

4 мамырда Қазақстан премьер-лигасының жетінші туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Семейдің «Елімай» клубымен кездеседі.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың командасы өз алаңында елордалық «Жеңіспен» 1:1 есебімен тең ойнады. Ал «Елімай» сырт алаңда «Жетісуды» 3:0 есебімен жеңді.

Алты турдан кейін турнирлік кестеде көш бастап тұрған командалар — «Қайрат» пен «Астана», екеуінде де 14 ұпай бар. Алайда алматылықтар мен елордалық клуб бір матчқа артық ойнаған. Олардан төрт ұпайға артта келе жатқан командалар— «Елімай» мен «Ақтөбе». Қазіргі таңда «Елімай» үшінші орында, ал «Ақтөбе» төртінші сатыда келеді.

«Оқжетпес» сегіз ұпаймен сегізінші орында тұр. Команданың еншісінде екі жеңіс, екі тең ойын және екі жеңіліс бар. «Елімай» болса, төрт жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс көрсеткішіне ие.

«Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Sport Pulse порталымен алдағы мачтқа қатысты ойымен бөлісті:

— Біз алдағы текетірестің оңай болмайтынын түсінеміз. «Елімай» өз алаңында ойнайды, аншлаг болатынына сенімдімін. Ақылмен ойнап, мүмкіндіктерімізді барынша пайдалануға тырысамыз.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 4 мамыр

Басталу уақыты: 18:00 (тікелей эфир — 17:55-тен бастап)

Стадион: «Спартак», Семей

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!