Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Ақтөбенің» тізгінін кім ұстайды

Футбол шолушысы әрі комментатор Нүркен Мырзагалиев «Ақтөбе» клубындағы бапкер мәселесіне қатысты инсайдерлік ақпармен бөлісті. Оның айтуынша, басшылық қазіргі уақытта уақытша міндет атқарып жүрген Вячеслав Левчукке мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.

«Қазір Левчукке сенім артып отыр. Ол «уақытша» мәртебесімен жұмыс істеп жатыр, алдағы ойындарда командаға қаншалықты ықпал ете алатынына қарап шешім қабылданады. Өзім ойыншылармен сөйлестім – олар дайындық пен жаттығулардың Леонов кезіндегіден өзгеше екенін айтты. Қазір жігіттер «Ұлытауға» қарсы матчқа тыңғылықты дайындалып жатыр», – деді Мырзагалиев Sport+ YouTube арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Кайрат Нұрдәулетов те шорт-листке енген. Айта кетейік, Игорь Леонов 21 сәуірде бас бапкерлік қызметінен кеткен болатын. Қазіргі уақытта команданы оның көмекшісі Левчук жаттықтырып жатыр.ф