23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Өзбекстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«УФА Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне бірқатар үміткерлерді сараптады. Жергілікті және шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізілді.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына аз ғана уақыт қалғанын ескеріп, Тимур Кападзенің пайдасына шешім қабылданды. Ол Өзбекстанның U-23 құрамасымен тарихи табысқа жетті, жаттықтырушылық қабілеті бар, сонымен қатар ойыншыларды жақсы біледі және ұзақ уақыт бойы ұлттық құраманың намысын қорғады.

Тимур Кападзе жақын арада Катарда оқу-жаттығу жиынында жүрген Өзбекстан құрамасына қосылады», — делінген ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Тимур Кападзе «Ақтөбе» сапында 2012-2014 жылдар аралығында өнер көрсеткен.