24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ақтөбенің» аңызы Геннадий Шапкин өмірден өтті

«Ақтөбенің» аңызы Геннадий Шапкин өмірден өтті

Қазақстан футболы орны толмас қазаға ұшырады — «Ақтөбенің» аты аңызға айналған шабуылшысы Геннадий Шапкин 69 жасында дүниеден озды. Бұл туралы SPORT+ басылымы хабарлады.

Танымал шабуылшы-бомбардир ақтөбелік футболдың тарихында өшпес із қалдырды. Өзінің спорттық мансабының басым бөлігін ол сол кездегі «Ақтөбинец» атауымен өнер көрсеткен жергілікті клубқа арнады.

Көк-ақ түсті формада Шапкин 272 матч өткізіп, 115 гол соқты. Ол «Ақтөбе» тарихындағы ең нәтижелі ойыншы болып қала береді. Атақты футболшының бұл рекорды әлі күнге дейін жаңартылған жоқ, бұл оның шабуылдағы шеберлігін айқындайды.