26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» өз алаңында жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» өз алаңында жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында «Ақтөбе» өз алаңында «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңді.

Ойынның тағдырын 76-минутта Жайро Жанның соққан жалғыз голы шешті. Ақтөбеліктер басымдықты өз қолдарында ұстап, маңызды үш ұпайды еншіледі.

Бұл жеңіс «Ақтөбенің» турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, ал «Ұлытау» сырт алаңда ұпай ала алмады.