Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» жеңіп, екінші орынға көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» жеңіп, екінші орынға көтерілді

ҚПЛ-дың 8-туры аясындағы орталық кездесулердің бірі «Ақтөбе» мен «Елімай» арасында өтті. Ойынның алғашқы бөлігі тең нәтижемен аяқталғанымен, екінші таймда алаң иелері басымдық танытты.

Матчтың 54-минутында Әлібек Қасым айып соққысын сәтті орындап, есепті ашты. Бұл гол кездесудің жалғыз әрі жеңіс голы болды. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгермей, батыстық ұжым маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» турнирлік кестеде екінші орынға көтерілсе, «Елімай» жетінші сатыға сырғыды.