21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым: «Бұл – Ақтөбенің эффектісі»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2025 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Суперкубогі аясында «Астана Аренада» «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесу өтеді. Маңызды матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Ақтөбе» командасының қорғаушысы Әлібек Қасым ойынға барлық билеттің сатылып кеткеніне қатысты пікір білдірді.

«Барлық билеттің сатылып кетуі – бұл сәйкестік емес. Біз қайда ойнасақ та,  жанкүйерлеріміз әрдайым қасымызда жүріп, қолдау көрсетеді. Сондықтан, менің ойымша, бұл – «Ақтөбенің» эффектісі. Ертең жанкүйерлеріміз керемет атмосфера жасайды деп сенемін, біз де оларды жеңіспен қуанта аламыз деп ойлаймын», – деді қорғаушы.

Айта кетейік, «Ақтөбе» жанкүйерлері Қазақстандағы ең жанкешті әрі ықпалды фанаттардың бірі саналады. Олардың қолдауы командаға ерекше рух беретіні жиі айтылып келеді. Ертеңгі финалда стадиондағы атмосфера қызу болатыны сөзсіз.