20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Қазақстан кубогында «Ордабасыны» тізе бүктірді

«Ақтөбе» Қазақстан кубогында «Ордабасыны» тізе бүктірді

Футзалдан Қазақстан кубогының ширек финалында «Ақтөбе» шымкенттік «Ордабасыны» пенальти сериясында жеңді (жалпы есеп — 4:3).

Матчтың негізгі уақыты қауіпті сәттерге толы болып 3:3 есебімен аяқталды.

  • Байзақов шымкенттіктер есебін ашты
  • Розенски басымдықты еселеді
  • Биэл есеп айырмасын қысқартты
  • Филипиньо тең есепті қалпына келтірді
  • Биэл «Ақтөбені» алға шығарды
  • Байзақов негізгі уақыттағы соңғы голды салды

Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Ақтөбе» футзалшылары дәлірек болды. Есеп 4:2 және команда турнирдің алғашқы жартылай финалисі атанды.