Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» ХК Қазақстанның ең бай клубы атанбақ

«Ақтөбе» ХК Қазақстанның ең бай клубы атанбақ

«Ақтөбе» хоккей клубы 2025/26 маусымында Қазақстан чемпионатының ең қаржылай қамтылған командасы болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz порталына сілтеме жасап.

Алдағы маусымға клубтың бюджеті 1,86 миллиард теңгені құрап отыр — бұл турнирдегі барлық қатысушылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

2024/25 маусымының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» тұрақты чемпионатта 40 матчтың ішінде 38 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға тұрақтады. Плей-офф кезеңінде команда ширек финалда Өскеменнің «Торпедо» клубына 1:4 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.