07.03.2025
Время чтения: 1 мин

«Ақтөбе» бас бапкерлікке үміткерден бас тартты

«Ақтөбе» бас бапкерлікке үміткерден бас тартты

«Ақтөбе» футбол клубы Өзбекстан құрамасының қазіргі жаттықтырушысы Тимур Кападзені бас бапкер қызметіне шақырған, бірақ маман бұл ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Upl.uz.

Кападзе 2012-2014 жылдары «Ақтөбе» сапында ойыншы ретінде 69 матч өткізіп, 10 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Ол командамен бірге:
– 2012 жылы чемпионаттың қола жүлдегері атанды;
– 2013 жылы чемпион болды;
– 2014 жылы күміс медаль мен Суперкубокты жеңіп алды.

Кападзе ұсыныстан бас тартуының себебі — оның қазіргі уақытта Өзбекстанның олимпиадалық құрамасымен жұмыс істеп жатқаны.

Айта кетейік, «Ақтөбе» қазіргі кезде Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.