Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ вице-президенті 2026 жылғы әлем чемпионатының жанкүйерлерін елден кетуге шақырды

АҚШ вице-президенті 2026 жылғы әлем чемпионатының жанкүйерлерін елден кетуге шақырды

АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының болашақ қонақтарына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды The Guardian.

Келесі жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлемдік доп додасы американдық билік органдарының қауіпсіздік пен көші-қон мәселелеріне ерекше назар аударуына себеп болып отыр.

«Біз жанкүйерлерді келуге, тойлауға және матчтардың ләззатын алуға шақырамыз. Алайда қону мерзімі аяқталғаннан кейін олар елден кетуі керек — әйтпесе оларға Ноэм министрмен кездесуге тура келеді», — деп атап өтті Вэнс.

Көлік министрі Шон Даффи — өз кезегінде турнир басталғанға дейін логистикалық мәселелерді шешу үшін қалааралық автобус тасымалы жүйесі жолға қойылатынын растады.