06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

АҚШ-тағы беделді турнирде Путинцеваның қарсыласы анықталды

Әлемдік рейтингте 20-орында тұрған Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі беделді турнирді екінші айналымнан бастайды, онда чехиялық теннисші Катержина Синяковамен кездеседі.

WTA рейтингінде жекелей сында 59-орында, ал жұптық разрядта бірінші орында тұрған Синякова бірінші айналымда аргентиналық Мария Карлені 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық спортшының бұл америкалық турнирдегі ең үздік жетістігі — шамамен бір жыл бұрын көрсеткен төртінші айналымға шығуы.