Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ пен Швейцария хоккейден әлем чемпионатының финалында жолығады

АҚШ пен Швейцария хоккейден әлем чемпионатының финалында жолығады

Шайбалы хоккейден Дания мен Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шыққан құрамалар белгілі болды. АҚШ пен Швейцария ұлттық құрамалары шешуші кезеңге жолдама алды.

Жартылай финалда АҚШ хоккейшілері Швецияны 6:2 есебімен жеңді. Ал Швейцария командасы өз матчында Данияны 7:0 есебімен ойсырата ұтты.

Финалдық ойын 25 мамыр күні өтеді. Матч Мәскеу уақытымен 21:20-да басталады. Осы күні үшінші орын үшін Швеция мен Дания құрамалары мұз айдынына шығады.

Айта кетейік, А тобында Канада бірінші орын алса, одан кейін Швеция, Финляндия және Австрия орналасты. В тобында алғашқы төрттікке Швейцария, АҚШ, Чехия және Дания енген.