Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ құрамасы ӘЧ-2025 ширек финалында Финляндияны жеңді

АҚШ құрамасы ӘЧ-2025 ширек финалында Финляндияны жеңді

Швеция мен Данияда өтіп жатқан 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулерінде жартылай финалға шыққан командалар анықталды.

АҚШ құрамасы Финляндиямен болған ойында сенімді ойын көрсетіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Швейцария Австрия командасына мүмкіндік қалдырмай, кездесуді 6:0 есебімен аяқтады. Турнир қожайындары Дания тосын жағдайда Канаданы 2:1 есебімен жеңсе, Швеция Чехияны 5:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусь құрамалары әлем чемпионатына қатысудан шеттетілген.