27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Акрон» бапкері Дзюбаның «Қайратқа» ауысу мүмкіндігін түсіндірді

Matchtv.ru хабарлауынша, Тольяттидің «Акрон» клубының бас бапкері Заур Тедеев шабуылшы Артем Дзюбаның алматылық «Қайратқа» ауысуы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

36 жастағы Дзюба өткен жылдың қыркүйек айында «Акрон» құрамына қосылып, осы маусымда 11 ойын өткізіп, үш гол соғып, тағы үш нәтижелі пас берген. Оның қазіргі клубымен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

Бұған дейін «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев Чемпиондар Лигасына дайындық аясында тәжірибелі шабуылшыны командаға тартуға қызығушылық танытқанын мәлімдеген болатын. Алайда Тедеев бұл ақпаратты жоққа шығарды:

«Бұл туралы мүлдем ештеңе білмеймін. Қауесет — ол қауесет. Артеммен бұл тақырыпта тіпті бір рет те сөйлескен жоқпын, мұның мәні жоқ. Ол толық жаттығу жасап жүр, көңіл-күйі жақсы, оқу-жаттығу жиындарын ешқандай іркіліссіз өткізді», – деді бапкер.

Айта кетейік, Артем Дзюба мансабы барысында барлық турнирлерде 232 гол соғып үлгерген. Бұл көрсеткіш бойынша ол ресейлік футболдың үздік сұрмергені Александр Кержаковтан небәрі бір голға қалып келеді.