20.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әкімдік «Ақтөбе» клубын қаржыландырмайтын болды

«Ақтөбе» хоккей клубы енді мемлекет тарапынан қаржыланбайтын болды. Бұл туралы Бірінші бол Shaiba.kz сайтына сілтеме жасай отырып жазды.

Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбе» осы маусымды аяқтап, әрі қарай лигада өнер көрсетпейді. Редакцияға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына ресми хат келіп түскен.

«Ақтөбе облысы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 187 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен Ақтөбе облысынан ерлер хоккей командасын қаржыландырмау бекітілген. Ал 2024-2025 жылға маусымға облыстық бюджеттен 286 104 038 теңге бөлінген», — делінген аталған хатта.

«Ақтөбе» биыл лигада 34 ойында 35 ұпай жинап, Pro Hokey League турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.